YPO – әлем көшбасшыларының бірегей қауымдастығы. АҚШ-та Рей Хикок негізін қалаған бұл ұйым оның 27 жасында отбасылық компанияны басқаруға келген сәтінен бастау алды. Бүгінде YPO – әлем бойынша бизнес иелері мен бірінші басшыларына арналған ең ірі әрі беделді ұйым. Қауымдастық құрамына 150 елден 34 000-нан аса табысты кәсіпкер мен топ-менеджер кіреді. YPO мүшелері жетекшілік ететін компаниялардың жиынтық табысы 9 триллион АҚШ долларынан асады. Бұл ұйымның жаһандық экономикадағы ықпалын көрсетеді.
2010 жыл
YPO Kazakhstan негізін Нұрлан Қаппаров қалады. Ұйым өз ісін кеңейтуге, үздіксіз білім алуға және дамуға ұмтылатын еліміздегі бірқатар танымал кәсіпкерлерді біріктіреді.
Бүгін
Бүгінде YPO құрамында 50 кәсіпкер бар. Ұйым кәсіпкерлердің өзара білім, идея және тәжірибе алмасуына, бизнес ортаның өсіп-өркендеуіне жол ашады.
Общение
Тең деңгейдегі кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу және бірлесе даму мүмкіндігі
Интеграция
Қазақстандық YPO бөлімшесін жаһандық қауымдастыққа толыққанды біріктіру
Социальные проекты
Әлеуметтік жобаларды насихаттау және қолдау
ЦЕЛИ YPO
1950 жылы АҚШ-та Рей Хикок 27 жасында отбасылық бизнесті басқаруға келгенде оның қарамағында 300 қызметкер болды. Ол өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орындауда тәжірибесі жетіспейтінін және кеңес сұрайтын ешкімнің жоқ екенін түсінеді. Қиын сәтте ниеттес әріптестердің қолдауы ауадай қажет екенін сезініп, Нью-Йорктегі дәл өзі секілді 20 жас кәсіпкерді жинап, ортақ диалог пен бірге даму алаңын құрады. Осылайша YPO негізі қаланды.
YPO миссиясы
Better leaders from lifelong learning and idea exchange.