Біз туралы

YPO

1950 жыл
1950 жыл

YPO — әлем көшбасшыларының бірегей қауымдастығы. АҚШ-та Рэй Хикок негізін қалаған бұл ұйым оның 27 жасында отбасылық компанияны басқаруға келген сәтінен бастау алды.

2010 жыл
2010 жыл

YPO Kazakhstan негізін Нұрлан Қаппаров қалады. Ұйым өз ісін кеңейтуге, үздіксіз білім алуға және дамуға ұмтылатын еліміздегі бірқатар танымал кәсіпкерлерді біріктіреді.

Бүгін
Бүгін

Бүгінде YPO Kazakhstan құрамында 50 кәсіпкер бар. Ұйым кәсіпкерлердің өзара білім, идея және тәжірибе алмасуына, бизнес ортаның өсіп-өркендеуіне жол ашады.

Барлығы қалай басталды

1950 жылы АҚШ-та Рэй Хикок 27 жасында отбасылық бизнесті басқаруға келгенде оның қарамағында 300 қызметкер болды. Ол өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орындауда тәжірибесі жетіспейтінін және кеңес сұрайтын ешкімнің жоқ екенін түсінеді. Қиын сәтте ниеттес әріптестердің қолдауы ауадай қажет екенін сезініп, Нью-Йорктегі дәл өзі секілді 20 жас кәсіпкерді жинап, ортақ диалог пен бірге даму алаңын құрады. Осылайша YPO негізі қаланды.

YPO миссиясы

“Better leaders through lifelong learning and idea exchange.”
Білім мен идея алмасу арқылы үздік көшбасшы болу.

YPO Kazakhstan мақсаттары

Қарым-қатынас

Тең деңгейдегі кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу және бірлесе даму мүмкіндігі.

Интеграция

Қазақстандық YPO бөлімшесін жаһандық қауымдастыққа толыққанды біріктіру.

Әлеуметтік жобалар

Мүшелердің әлеуметтік жобаларын насихаттау және қолдау.

Young Presidents’ Organization қатарына қосылыңыз

WWW.YPO.ORG