YPO Kazakhstan мүшелері және олардың қоғамға қосқан үлесі

2014 жылы Эльдар Сәрсеновтің бастамасымен іске қосылған «Өмірге жолдама» бағдарламасы балалар үйі мен баспана түлектеріне Caspian University-де жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Нұрбанк оқу, тұрғын үй, тамақтану, жол жүру және жеке қажеттіліктер шығындарын толық өтейді. Тәлімгерлік қолдау мен жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді: түлектерге Нұрбанк пен үлестес компанияларда жұмыс кепілдігі беріледі.

2022 жылдан бері Еркін Длимбетов — «IQanat білім беру қоры» ҚҚ қамқоршысы: Қызылорда облысы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған білім бағдарламасын жыл сайын қаржыландырады. 2022–2023 оқу жылындағы көмек — KZT 29 000 000, 2023–2024 — KZT 23 944 000, 2024–2025 — KZT 24 979 680. 2025 жылғы қаңтарда Алексей Макшеевтің «Қырғыз даласы мен Түркістан өлкесіне саяхат» кітабын шығаруға KZT 3 700 000 демеушілік көрсетті.

Оксфордтағы білім жобаларының презентациясы: іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясов, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов, Оксфорд университеті мен Oxford University Press профессорлары мен зерттеушілері қатысты.

«Assyltas» қорының басты миссиясы — инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналдыру, қайырымдылық жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық мүдде жолында еңбек ету.

Supernovas — әлем бойынша тегін балалар футбол мектептері; Alternativa Film Awards — Жаһандық Оңтүстіктің жас кинематографистерін қолдау; Beginit — шалғай өңірлер жастарының әлеуметтік көшбасшылығын дамыту; Aurora Tech Award — технология саласындағы гендерлік теңдік; inVision U — талантты студенттерге тегін білім беретін университет. 2024 жылы Арсен Алматыдағы ауа ластануына қарсы Almaty Air Initiative бастамасының тең негізін қалаушысы болды.

2022 жылдан бері аға буынды қолдайтын «Замандас21» қоғамдық қорының жобаларына демеушілік жасайды.

Қазақстандық кәсіпкерлердің жобасы: еліміздің барлық өңірлеріндегі ауыл оқушыларына арналған әлеуметтік-білім беру бағдарламалары. Жобаға 200-ден астам кәсіпкер өз ресурстары мен тәжірибесін салып, белсенді қатысады. Қорды жетекші университеттер, халықаралық ұйымдар мен жеке компаниялар қолдайды.

Балалардың интернат мекемелеріне түсуін азайтуға бағытталған жоба: қолында нәрестесі бар, қиын жағдайға тап болған аналарға көмек. Бүгінде Қазақстанның 18 қаласында 21 «Дом Мамы» жұмыс істейді. 12 жылдан астам уақытта 7 464 әйел уақытылы атаулы көмек алды, 925 бала туған отбасына қайтарылды. «Дом Мамы» елдегі нәрестеден бас тартудың ықтимал жағдайларының 69%-ын болдырмайды.